Иран мен Израиль тату тұрған кезде
Иран дипломаты Реза Саффиния Израильдің тұңғыш президенті Хаим Вейцманның Тель-Авив маңындағы резиденциясына кірер кезде израильдік сарбаздарға әскери ізет көрсетіп тұр. 1950 жыл.
1950 жылы Иран араб көршілерінен бөлектеніп, жаңа құрылған еврей мемлекетін бейресми түрде мойындады.
Израильдің тұңғыш премьер-министрі Давид Бен-Гурион (сол жақта) 1950 жылы Иран делегациясы ұйымдастырған Иерусалимдегі кеште ирандық дипломат Реза Саффиниямен (жолақ костюмде) кездескен сәт.
Екі ел қарым-қатынасы жайлы сипат алғаны сонша, Тегеран мен Тель-Авив арасында әуе рейстері күн сайын болатын. Тіпті Иран мен Израиль бірлесіп зымыран жүйесін жасау бойынша құпия жұмыс істеген.
1965 жылы Израиль әуежайында Иранға жол тартқан жүк ұшағына сауын сиырлар тиеліп жатыр.Израиль Иран мұнайынан пайда көріп отырған кезде, Тегеран Израильдің ауыл шаруашылығы мен әскери технологиялар саласындағы тәжірибесін игерді.
1971 жылы Тель-Авивтің солтүстігіндегі Бейт-Берл елді мекенінде орналасқан оқу орталығында Таяу Шығыс пен Африкадан келген ер адамдар ауыл шаруашылығы тақырыбындағы дәрісті тыңдап отыр.
1950-жылдары Иранның нақты көрсетілмеген бір жерінде өткен еврей үйлену тойы. Рәсімді елдің бас раввині Рав Шломо Коэн Цедек (ортада оң жақта) жүргізіп жатыр.Топтың артындағы иврит жазуы Библиядағы мына аятқа сілтеме жасайды: "Жұбайың үйіңнің ішіндегі жемісті жүзімдей; балаларың үстеліңнің айналасында зәйтүн бұтағындай болады".
1965 жылдың тамызында Израильдің Тель-Авив қаласында өткен жетінші Маккабиада ойындарында Израиль мен Иранның балуандары белдесуде. Бұл жарыс әр төрт жыл сайын өтеді және әлемнің түкпір-түкпіріндегі еврей спортшыларына арналған.Еврейлер Иран жерінде мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. 1970-жылдары елде шамамен 100 мың еврей тұрған. Ал 2012 жылға қарай олардың саны небәрі 8 756 адамға дейін қысқарды.
Израильдік фотограф Бенно Ротенберг түсірген бұл суретте оның әріптесі ежелгі Парсы империясының астанасы болған Персеполь қаласының қирандыларына жақындап келе жатқан сәт бейнеленген. 1968 жыл.
1975 жылы Израиль порттарының біріне келген ирандық жанармай танкері.1967 жылғы Алты күндік соғыстан кейін араб елдерінің Израиль мен оның одақтастарына деген жаулығы халықаралық мұнай дағдарысына алып келді. Сол кезде Ираннан жеткізілген мұнай Израиль үшін маңызды тірекке айналды.
1950-жылдары Иранның батысындағы Шатт әл-Араб өзенінің маңында израильдік саяхатшы (сол жақта) жергілікті жұмысшылармен бірге ішімдік ішіп отыр.1979 жылғы революцияға дейін Иранда өмір сүрген израильдіктер шах режимінің өз халқына жасаған репрессияларына аса мән бермегендерін еске алады. "Олар шағымданбады, біз араласпадық", — дейді сол дәуір туралы түсірілген деректі фильмде бір израильдік азамат. "Соқыр емеспіз, қандай шындықта өмір сүріп жатқанымызды білдік, бірақ бұл біздің шаруамыз емес еді", — деп қосады ол.
Израильдік фотограф Бенно Ротенберг 1968 жылы Иранның Гилян провинциясында түсірген бұл суретте аты-жөні белгісіз археологтар қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан сәт бейнеленген.
1963 жылы Иерусалимде өткен кітап жәрмеңкесінде Иран басылымдарының көрмесі ұсынылды.
1976 жылы Израильдің Хайфа қаласында өткен Шахматтан әлемдік олимпиадада Иран құрамасы (сол жақта) АҚШ командасымен ойнап жатыр.