Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Шымкентте бүгін елуге жуық автобус жүргізушісі жалақы талап етіп, жұмысқа шықпай қойды. Кондукторлар да айлықтың аз екенін айтады. Ал автопарк басшылығы “автобустардың шығыны көп, бірақ әкімдік айтқан соң жұмысқа шығып жүрміз” дейді.
Шымкенттегі Shymkent Bus автопаркінің ондаған жүргізушісі 20 қарашада жұмысқа шығудан бас тартты. Олар жұмыс берушіден еңбекақыны уақытында беруді және көбейтуді талап етті. Компанияның бас директоры жалақы кешігіп жатқанын растап, кәсіпорынның "жағдайы күрделі" екенін айтты.
Шымкентте қоғамдық белсенді Нұржан Мұхаммедов көлігіне белгісіз біреулер иттің басын тастап, терезесін шағып, дөңгелегін жарып кеткенін айтты.
Түркістан облыстық соты "Жала жабу" және "Қорлау" бабымен 2 жыл 3 айға түрмеге қамалған журналист, белсенді Амангелді Батырбековтің апелляциялық шағымын қарап жатыр. Жақтастары мен құқық қорғаушылар биліктен журналисті босатуды талап етеді.
Уақытша жұмысқа жалданатын Шымкент тұрғындары тұрақты жұмыстың жалақысын азсынады. Олардың кейбірі өздерін жұмыссыздар қатарына қоспайды. Қала әкімдігі 40 мыңға жуық адамның немен күнелтіп жүргені белгісіз деп санайды.
17 қазан - халықаралық қайыршылықты жою үшін күрес күні. Қазақстанда ресми есеп бойынша, 2 миллон адам кедейлік шегінде тұрады. Олардың арасында табысы қажетіне жетпейтін, жоқшылық пен жұмыссыздықтан қайыр тілеуге мәжбүр болғандар да бар.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Түркістан облысы Қазығұрт ауданынан отбасымен Сирияға кеткен Марат Мәуленовтің қызы Аида Амангелдіқызы бес жылға сотталды.
Шымкентте үш ауысыммен оқитын мектеп саны биыл 15-ке жетті. Қалада мың балаға шақталған мектептерде төрт-бес мың оқушы білім алады. Мектептер оқу кабинеттері жетпегендіктен қосымша сабақтарды алып тастаған.
Шымкент қаласындағы Сity shopping gallery орталығында журналист, фотограф Әйгерім Бегімбет, фотограф Шыңғыс Әбдіразақтың «Тіршілік» атты фотокөрмесі өтіп жатыр. Internews Қазақстан өкілдігінің арнайы грантын жеңіп алған олар Түркістан облысындағы ауыл өмірі жайлы ондаған фотосуретті көрерменге ұсынд
Шымкент соты белсенділердің арызын ішінара қанағаттандырып, митинг өткізуге рұқсат етпеген жергілікті биліктің қаулысын заңсыз деп таныды. Қаулыны шығарған әкім орынбасарын жауапқа тарту керек деп санайтын белсенділер апелляциялық шағым беретіндерін айтады.
Шымкентте қазақстандық және өзбекстандық студенттер арасындағы жанжалдан соң "бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалып, университетте күзет күшейтілді. Билік оқиғаны "тұрмыстық жанжал" деп атады. Шетелдік студенттер Өзбекстан дипломаттарынан жәрдем сұрап, үндеу жолдаған.
Шымкенттегі университеттердің бірінде жергілікті және өзбекстандық студенттер арасында жанжал болды. Оқиғадан кейін Шымкентке Өзбекстан елшісі келді.
Қазақстанның бірнеше қаласында болмай қалған наразылық шарасы алдында ондаған адамды полиция ұстады. Адамдар "Қытай экспансиясына қарсы" екенін білдіріп, саяси тұтқындарды босатуды талап етті.
Қыркүйектің 21-і күні Қазақстанның бірнеше қаласында "рұқсат етілмеген митингі" орнында полиция ондаған азаматты ұстады.
Арыстағы жарылыстан зақымданған үйлерінің құрылысы тоқтап қалғанына наразы болған отыз шақты адам 20 қыркүйекте қала әкімдігіне барып, наразылық білдірді. Арыс қаласының әкімдігі жарылыстан зардап шеккен үйлер мен ғимараттардың 99 пайызы жөнделгенін айтады.
Арыстағы жарылыстан үйлері зақымданған Ақдала ауылының он шақты тұрғыны қала әкімдігіне келіп шағымданды.
Шымкентте он шақты белсенді 1993 жылы қабылданған конституцияны референдум арқылы қайтаруды талап етіп, "Сайлау туралы" заңды өзгерту қажеттігін айтты.
25 тамызда Шымкентте бірнеше жергілікті белсенді елде сотталып немесе тергеліп қамауда отырған, құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған азаматтарды қолдап акция өткізді.
Шымкентке қарайтын Абай ауданындағы Солтүстік саяжай ықшамауданының тұрғындары ауыз су мен жолдың жоқтығын, газ бен электр қуатының қымбаттығын айтып шағымданады. Әкімдік бұл мәселенің кейбірі 2020 жылы шешіледі деп отыр.
Шымкенттегі "Солтүстік саяжай" шағынауданының тұрғындары ауыз су мен жолдың жоқтығын, газ бен жарықтың қымбаттығын айтып шағынады. Жергілікті билік бұл мәселенің кейбірі 2020 жылы шешіледі деп отыр.
Тағы