Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін көрші елді мекендерді уақытша паналаған Арыс тұрғындары маусымның 28-і таңертеңнен бастап үйлеріне қайта бастады. Арыстағы үйлердің басым бөлігінің шатыры құлаған, терезелері шағылған. Жарамсыз болып қалған үйлер де бар.
Әскери қоймадағы жарылыс кесірінен Арыс қаласынан кетуге мәжбүр болған тұрғындар үйіне қайтып жатыр. Бірнеше күннен бері Шымкентті паналаған олар 28 маусымда таңғы сағат алтыдан бастап әкімдік ұсынған көліктерге мініп Арысқа аттанды.
Әскери қоймадағы жарылыстан кейін дүйсенбіден бері Шымкенттегі "Ақмешіт" мешітін уақытша паналап отырған Арыс тұрғындары көшені жапты. "Арыс!", "Жер беріңдер!", "Үй беріңдер!" деп айғайлайған жұрт өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етті.
Маусымның 27-і күні таңертең Шымкентте "Ақмешіт" алдындағы көшені жапқан Арыс тұрғындары түстен кейін қаладағы "Нұр Отан" алдына барып, ғимаратқа басып кірмек болды.
Арыстағы жарылыстан кейін Шымкентке келген мыңдаған адам қазір эвакуациялық пунктілерде жатыр. Олар «биліктен мардымды көмек болмады» деп шағымданады
Әскери қоймадағы жарылыс кесірінен үйін тастап кетуге мәжбүр болған Арыс тұрғындарының кейбірі Шымкенттегі туысының үйін уақытша паналаса, енді біреулері билік ұйымдастырған эвакуациялық бекеттерде тұрып жатыр. Азаттық тілшісі Шымкенттегі №87 мектептегі эвакуациялық бекеттегі жағдаймен танысты.
Билік Арыстағы жарылыстан екі адам қаза тауып, 70-ке жуық азамат зардап шеккенін хабарлады. Жарылыс болған аймақтағы үйін тастап кетуге мәжбүр болған мыңдаған адам Шымкентті паналап отыр.
Маусымның 24-і күні таңертең Арыс қаласындағы әскери қоймада шыққан өрт жарылыстарға ұласып, ондаған адам зардап шекті. Түркістан облысы әкімі төтенше жағдай жариялап, тұрғындарды қаладан көшіру туралы шешім қабылданды.
Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен 25 адам Шымкенттегі № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
Үш жыл бұрын қызметтік көлікті тастап, велосипедке көшетінін айтқан Алматы әкімі сөзінде тұрды ма? "Жаз келсе, жұмысқа велосипедпен барамын" деген Шымкент әкімі неге айтқанын орындамады?
12 маусымда Қазақстанда полиция жүзден астам адамды ұстады. Алматы мен Нұр-Сұлтанда күзет күшейді. Алматы қаласында дүкендер, кафе-мейрамханалар және дәріханалар жабылды.
9 маусымда Шымкенттегі Момышұлы-Тәуке хан көшелері қиылысында полиция сол маңда жүрген жиырмаға тарта азаматты ұстап әкетті.
21 мамырда Шымкенттегі қалалық прокуратура мен қалалық соттың алдында жүзге тарта азамат адам өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот үкіміне қарсылық білдіріп, наразылық танытты.
2 мамырда Шымкентте төрт балалы ана Лаура Қалдыбаева қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының екінші қабатынан секірмек болды. Ол 21 мың теңге әлеуметтік жәрдемақыға құжатты наурызда өткізгенімен әлі күнге дейін көмек ала алмай жүргеніне наразылық танытты.
Шымкенттегі әл-Фараби аудандық соты Cауд Арабиясында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған 41 жастағы Ділмұрат Махаматовты 8 жылға бас бостандығынан айырды. "Терроризм" бабымен айыпталған Ділмұрат Махаматов сот үкімімен келіспейтінін айтты.
Шымкентте әр балаға 21 мың теңге әлеуметтік көмек алуға құжат тапсыру үшін жүздеген адам сағаттап кезек күтуге мәжбүр. Қалада оларды қабылдайтын сегіз бөлімше ашылды. Екі күнде атаулы көмек алуға екі мыңнан астам отбасы ниет білдірген.
22 наурызда Шымкенттегі орталық саябақтардың біріне Наурыз мерекесіне келген төрт адамда полиция алып кетті.
Қазақстанда бірнеше қалада Наурыз мерекесі полицейлердің адамдарды ұстауымен басталды. Белгісіз топ Азаттық тілшілерінің жұмыс істеуіне кедергі жасап, тікелей эфирде камераның бетін көлегейлеумен болды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті қызметінен мерзімінен бұрын кетуі жұртқа қалай әсер етті? Азаттық тілшілері Шымкент, Ақтөбе және Петропавл тұрғындарының пікірін білді.
18 наурызда Шымкенттегі №54 мектепте 38 оқушы газдан уланып, ауруханаға жеткізілді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бір мұғалім мен бір техникалық қызметкер де уланған.
Тағы