Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Қарағанды соты екі адам өлімі бойынша іске үкім шығарды. Айыпталушының бірі Украина шығысында әскери шараларға қатысқаны үшін де жазаланды. Ол 25 жылға сотталды. Ал адам өлімі туралы хабарламаған тағы бір айыпталушы үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Қарағанды облысындағы Долинка кентінде орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайында алғаш рет "Объективте: Қазақстандағы ашаршылық" атты фотокөрме ашылды. Оған қойылған суреттерде өткен ғасырда қазақ жерінде болған ашаршылық кезіндегі адамдар бейнеленген. Мұражай қызметкерлері фотокөрмені ерекше шараға жатқызады. Мұнда қойылған деректі суреттерді павлодарлық фотограф әрі өлкетанушы Дмитрий Багаев түсірген.
Теміртау тұрғыны сотта "Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысты" деген айыпты мойындап, Донбасқа қалай барып, ол жақта қалай соғысқанын егжей-тегжейлі айтып берді.
Қарағанды облысында футболдан іріктеу ойындарына қатысқан балалар үйі тәрбиеленушілері спортта жетістікке жеткісі келеді. Ал кей балалар жаңа отбасын табуды армандайды.
Ленинград блокадасынан тірі қалған Нина Нагребецкая жасы жүзден асқанына қарамастан, соғыс заманында тартқан тауқыметін бүге-шігесіне дейін ұмытпаған. 1941 жылы соғыс басталғанда ол отбасымен Финляндияда тұрған. Қария зейнетақысы мардымсыз болғанымен, тұрмысына шағынғысы келмейді.
Ленинград блокадасында болған Нина Нагребецкая жасы жүзден асқанына қарамастан, соғыста тартқан тауқыметін бүге-шігесіне дейін ұмытпаған. Шамалы ғана зейнетақы алатын қария тұрмысына шағынбайды
Сотта 31 жастағы теміртаулық тұрғын Украинаға екі рет барғанын шығыс Украинада сепаратистер жағында "ерікті" ретінде соғысқанын мәлімдеді. "Украинада соғысқан" Никита С. Теміртауда екі адамды өлтірді деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.
Қарағанды облысында өндірісте жарақат алып немесе кәсіби дертке шалдығуына байланысты мүгедек болып қалған шахтерлер биліктен "қайыр болар" деп үміттенеді. Бастамашыл топ мүшелері желтоқсандағы ереуілден кейін жалақыларын көбейтуге қол жеткізген шахтерлер сияқты регрессниктердің де өтемақысын ұлғайтуды сұрайды.
Теміртауда кеншілердің "Жақтау" кәсіподағының шағымы бойынша сот жалғасып жатыр. "Жақтау" қазақстандық Yvision блог-платфонмасында шыққан мақала "ар-намысқа тиеді" санап, авторларды сотқа берген.
Қазақстанда тыйым салынған "Таблиғи жамағат" ұйымы жұмысына қатысты деп айыпталған Қарағанды облысының үш тұрғыны да үш жылға сотталды. Сотталушылар мен туыстары тағылған айыппен келіспейді.
Қарағанды облысы әкімдігі мен Әлия Назарбаева басқаратын "Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы" Теміртау экологиясын жақсартатын жоспар ұсынды. Жобаның таныстырылуына қатысқан кейбір экологтар мен жергілікті белсенділер "ұсыныстарымыз сол күйі ескерілмеді" дейді.
Қарағанды облысында елде тыйым салынған "Таблиғи жамағат" ұйымының іс-әрекетіне қатысы бар" деген күдікпен былтыр қыркүйекте қамалған үш тұрғынды "экстремистік бап" бойынша соттап жатыр. Туыстары сотталушылардың "мемлекетке қарсы шықпағанын" айтса, сотқа келген куәгерлер тергеу материалына қайшы түсініктеме берді.
Теміртау лицейі директоры өзіне қолданылған тәртіптік жазаға келіспей қалалық білім бөлімімен соттасып жатыр. Жұмыс беруші шешімнің әділетті екенін айтады.
Нұрсұлтан Назарбаев еңбек жолын бастаған қала ретінде мақтанышпен атайтын Теміртаудағы кей ауданның тұрғындары өздерін жергілікті билік "ұмыт қалдырды" деп санайды. Ал билік қордаланған проблемаларды бір күнде шешу мүмкін емес деген уәж айтады.
Психиатриялық ауруханада мәжбүрлі түрде емдеп жатқан 62 жастағы жезқазғандық белсенді Наталья Уласикті осы айда Алматы облысының Ақтас кентіндегі ауруханадан (туған қаласындағы диспансерге ауыстырды. Дәрігерлердің хабарлауынша, науқастың жағдайы «едәуір жақсарған». Ал туыстары жуырда Наталья Уласик үйге оралады деп үміттенеді.
Екі жыл бұрын кеңеюі жоспарланған Теміртау қаласындағы дағдарыс орталығы қазір жабылуға шақ тұр. Азаматтық белсенділер Қарағанды облысының түрлі қалаларынан жүздеген балалы әйелге пана болған орталықты "құтқару" үшін көмек сұрап, жергілікті билікке жүгінген.
Тоғыз жылға сотталған қарағандылық тұрғын Жансая Таңатарова билікке ұстап беру үшін әлдебір содырды іздеуге бел буғанын мәлімдейді. Айыптаушы тарап сотталушының куәліктеріне сенуге болмайды, оның айтқандарын қорғану амалы ретінде бағалау керек деп санайды.
Теміртауда жауған қардың қарайып кетуінен кейін өнеркәсіп орындарына басталған тексеру әлі аяқталған жоқ. Бірақ жергілікті тұрғындар үшін күтпеген қорытындылар жарияланып жатыр. Шенеуніктер мен экологтар ауаны ластау көздерінің бәрі "Теміртаудың өз ішінде" дейді.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы қаңтардың 17-і күні металлургтар мен шахтерлердің жалақысын төлеу тәртібі өзгергенін хабарлады. Ал кәсіподақ жалақы мәселесі біріккен комиссияда енді талқыланатынын айтады.
Тағы