Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Шахандағы жарылысқа байланысты өтіп жатқан сотта тосын болжам айтылды. Кісі өліміне байланысты сотқа тартылған кенші газ жарылғанының дәлелі ретінде өртенген заттарды алып келді. Прокуратура пеш жарылды деп біледі.
Теміртау металлургтері мен шахтерлерінің жалақыны 30 пайызға көбейтуді талап еткеніне бір айға жуықтады. Бірақ "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы жалақыны жұмысшыларға әзірше түсініксіз өзге жүйе бойынша төлеуге көшуді ұсынады.
Жанарынан айырылып мүгедек болып қалған теміртаулық тұрғын Константин Козлов сырқатына мойымай, киізден шәркей, қалпақ, қолғап және әшекей бұйымдарды басуды үйреніп, қолөнер шеберіне айналған.
Сот 62 жастағы азаматтық белсенді Наталья Уласикті психиатриялық ауруханада мәжбүрлі түрде емдеу мерзімін ұзартты. Қоғамнан оқшауланған зейнеткердің қызы мен Қазақстандағы адам құқығы бюросы бұл шешімді негізсіз деп санайды.
Тамыздың 1-інде еңбек ұжымының Теміртауда өткен конференциясына жиналған "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жүздеген металлургі мен шахтері жалақыны көбейтуді талап етті.
Қарағанды облысындағы еріген қар жолды шайып, үш адам суға кеткен қайғылы оқиға үшін полицияның бұрынғы учаскелік инспекторы шартты жазаға кесілді. Ол Азаттық тілшісіне кінәсін мойындағанын айтты
Қарағандының өнеркәсіптік ауданы – Майқұдықта әдеттегіден өзгеше мұражай жұмысын бастады. Жер бетіне жақын тереңдіктегі оқу шахтасы Қарағандының көрнекі орнына айналды. Қазақстандық және шетелдік туристер шахтаға түсіп, көмір өндіретін кеншінің ауыр еңбегімен таныса алады.
Ирина Онищенко екі кішкентай баласымен бірнеше ай Теміртаудағы дағдарыс орталығын мекендеді, енді өз бетімен өмір сүруге дайындалып жатыр. Орталықтағылар өмірдің көп ауыртпалығын тартқан әйел енді өз күнін өзі көрер деп үміттенеді.
Көкпекті ауылындағы су бөгетінің жарылуы салдарынан мерт болғандардың туыстарының кейбірі моральдық нұқсан талап еткен жоқ. Ал сотқа арызданғандар нұқсан келгенін дәлелдеуді «қорлау» деп біледі.
Қарағанды облысың Шахан ауылының әкімін «қызметі бойынша әрекетсіздік танытқаны үшін» айыптады. Әкіммен бірге оның қарамағындағы төрт қызметкердің де ісі сотта қаралып жатыр.
Бүгін Теміртауда кішкентай баланы ұрлап әкету ісін қараған сот процесі аяқталды. Сот жергілікті тұрғын Айнұр Айдарбекті жеті жылға соттады.
Қарағанды облысы Шахан кентіндегі жылу қазандығы жарылысынан зардап шеккен үйді қалпына келтіру жұмыстары әлі біткен жоқ. Бірнеше отбасы көшіп кеткен көрші подъездердің тұрғындары әлгі жарылыс зардаптарына қатысты шағымдарын айтты.
Қарағанды облысында тұрғындарының көбі ет-сүт өнімдерін сатып күн көріп отырған Нұра ауданы тұрғындары малдың ауырып, өліп жатқанынан шошып отыр. Үш ауылдың малына пастереллез тигенін билік кеше растады.
Еріктілер Қазақстандағы балалар үйі тәрбиеленушілерінің жаңа отбасын табуына көмектеседі. Жас футболшылар жетім және әке-шеше қамқорлығынан айырылған балаларға арналған «Арманға жету» футбол чемпионатына қатысып жүріп кейде «жаңа әке-шешесін» жолықтырады.
Бүгін Теміртау қаласында мини-Арбат ашылды. Қарағанды облысының әртүрлі қалаларынан жиналған ересектер мен жас қолөнершілер бұйымдарын сатуға шығарды.
Елдің орталық бөлігіндегі «Карлагқа» қатысты орындардың бірі - «Мамочкино бейітін» бірыңғай мемориалды кешен құрамына енгізуді ұсынады. Экскурсия жүргізушілер мен жергілікті тұрғындар Карлаг балалары мен тұтқын әйелдер жерленген орынды сақтап, абаттандыратын шығар деген үмітпен әлгі идеяны құптайды.
1932 жылы КарЛАГ орталығы болған Долинка кентінде (Қарағанды облысы) барлық нысандар мен тұрғын үйлер сақталған. Бұрын жазалау орны болған жерде қазір адамдар тұрып жатыр.
Қарағанды облысы Теміртау қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстың 29 ардагері қалды. Олардың бірі Илья Кубанкинді жергілікті билік те, отбасы да ерекше қадірлейді. Жуырда ол кісі 101 жасқа толуы тиіс.
2014 жылы Көкпекті ауылында адам өліміне ұласқан бөгеттің бұзылуы кесірінен келген болжамды материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы жаңадан түскен азаматтық талап-арыздар Қарағанды қаласында әлі қаралып жатыр.
Тағы