Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған. Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді.
Маусымның 20-күні Қазақстан үкіметінің қаулысымен елдегі бірқатар орталық басқару органдарының жетекшілері тағайындалды деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Шортандыда орналасқан Қазақстан Қарулы күштері әскери академиясының негізінде Ұлттық қорғаныс университеті құрылатын болады.
Дүниежүзілік банк Қазақстандағы Нұра өзенін тазарту үшін $40 млн көлемінде қаржы бөлетін болады.
Дүйсенбі күні түстен кейін Қазақстан Парламентінде республиканың Бюджет кодексінің жобасын таныстыруға арналған конференция өтті. Бұл жобаны республиканың экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі дайындап, мамыр айының соңында Парламент депутаттарының қарауына ұсынған болатын. Сондай-ақ, осы жобаны әзірлеуге Қазақстанның Ұлттық банкі, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен Әділет және Қаржы министрліктері де қатысқан.