Нұргүл Алина – Азаттықтың Петропавлдағы тілшісі. 1990 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң және әлеуметтік білімдер магистрі.
Азаттықпен 2016 жылдан бері әріптес.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев мектепте оқытылатын кей пәндерді біріктіру туралы ұсыныс айтты. Азаттық мектеп мұғалімдерінің бұл жайлы пікірін білді.
Солтүстік Қазақстан облысындағы тасқыннан зардап шеккен тұрғындар өтемақы ала алмай жүргендерін айтып шағымданады. Жергілікті билік шығын көлемін екі аптада есептеп бітіретіндерін хабарлады.
Петропавл түбіндегі ауылдың 150-ден астам саяжайын Есілдің тасыған суы алды. Күре жол қар суының астында қалып, ТЖД тұрғындарға азық-түлікті арнайы техникамен тасып жүр.
Солтүстік Қазақстанда еріген қар кесірінен өзен арнасынан асып, 15 ауылды су басты. Солардың бірінің - Ақжар ауданындағы Ақсары ауылының тұрғындары малдары қырылып, егіндік тұқымдары жарамсыз болып қалғанын айтады.
Көктемгі су тасқынынан Солтүстік Қазақстан облысындағы 7 аудандағы 20-ға жуық ауылды су басқан. Ал облыс орталығы Петропавл қаласының тұрғындары «үйге кірген су тізеге жетті, төтенше жағдай қызметінен ешқандай көмек болмай отыр» деп наразы.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы Келлеровка мен Красная Поляна және Держановка ауылдарын су басып қалды.
Күрт еріген қар суы басқан Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецкое ауылында тұрғындарды көшіріп жатыр.
Петропавлдағы апатты үй тұрғындары әкімдіктің ғимаратты жөндеуге қатысты жоспарына наразы. Билік үйдің сыртын тегін сырлап беретіндерін айтады.
Солтүстік Қазақстан облысындағы мүгедек сайлаушылар учаскелерде жағдай жасалмағанын айтып шағымданды.
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары 697 учаскеде мәжіліс және мәслихат сайлауына түсуші кандидаттарға дауыс береді. Петропавл, 18 наурыз 2016 жыл.
Азаттық тілшілері адамдардың сайлау алдындағы уәдеге қаншалықты сенетінін сұрап көрді.
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Жарқын ауылының тұрғындары қалың қардың кесірінен жол жабылып, бірнеше күні бойы хабар-ошарсыз қалғандарына наразы. "Маған сайлау керек емес. Ешкім келмейді бізге" деп ренжиді тұрғындардың бірі.
Петропавлда бір топ жұмысшы "тиісті жалақымызды толық ала алмай жүрміз" деп наразылық білдірді. Жергілікті билік бұл мәселені шешуді қарастырып жатқанын айтады.
Президент Назарбаевтың тіл туралы сөздерінен кейінгі түрлі аймақтардағы елдің пікірі.
Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстіктен көшіп барған отбасылар Азаттыққа «тұрмыстары көңілді екенін, өкінбейтіндерін» баяндады.
Петропавлдағы қоғамдық көлік аялдамаларының екеуінде көшпелі кітапхана ашылды. Көлік күткен жолаушылар ол жерде кітап оқып, тегін интернет қызметін де пайдалана алады.
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында бұған дейін 50 теңгеден сатылып келген нанның бағасы 65-70 теңгеге дейін жетті.
Солтүстік Қазақстаннан жылына 2-3 мың адам Ресейге көшеді. Қоныс аударушылар жұмыс пен оқу жайына байланысты елден кеткісі келетіндерін айтады.