Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
Қорғаушысы Қазақстан табиғи монополияларды реттеу агенттігінің тұтқындалған басшысы Мұрат Оспановты «Астана абақтысында қинады» дейді. Ал қаржы полициясы «ол қашпақ болды» деп мәлімдеді.
Жалғызбасты жұмыссыз мүгедек ана Гүлжаз Әбжамалова өз бетімен кіріп алған пәтерді заңдастырып беруді сұрайды. Сәтбаев қаласы әкімдігі оны үйден шығаруды талап етіп сотқа берген.
Қарағандыда өткен сотта прокурор Евгений Танковқа үш жыл түрме жазасын сұрады. Болжам бойынша, ол судьяны шыбынұрғышпен сабағысы келген. Бұл оғаш оқиғаның видеосы интернетке де шықты.
Астанадағы жаңа Ұлттық мұражайға экспонат аймақтардан жиналған. Әзірге залдар түгел ашылмаған, экскурсия жетекшілері олардың санын білмейді. Жаңа ашылған мұражайға Азаттықтың тілшісі де барды.
Сотқа тартылып жатқан бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов жемқорлық ісінде жазығы жоғын айтты. Бірақ президентшіл «Нұр Отан» партиясы оны «кір келтіргені үшін» қатарынан шығарған.
Көп жылдық стажы бар мұғалім баспанасыз қалуы мүмкін. Жуырда әйелдің заңсыз басып алған жер телімінің иесі пайда болып, үйін бұзуды талап еткен. Астана шетінде мұндай жағдайға тап болғандар көп.
Италия театрының Астана гастролі аяқталып келеді. «Дон Кихот» балетін қоюға Қазақстан артистері де қатысты. Гастроль Назарбаевтың туған күнімен сәйкес келетін Астана мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Астананың шетіндегі Өндіріс ауылы тұрғындары 10 жыл бойы жер телімдерін заңдастыруға тырысып жүр. Қала билігі оларға «басып алған жерлеріңді заңдастыра алмайсыңдар» деп ескерткен.
Азаттық тілшісінің Астанадағы Ұлттық музейдің ашылу салтанатын видеоға түсіруіне кедергі жасалды. 2 шілде, 2014 жыл.
Парламент депутатын «сот ісіне араласты» деп сынағалы бері үстінен қылмыстық іс қозғалып, кейін мәжбүрлі түрде психиатриялық емдеуден өткен балқаштық адвокат қайта ауруханаға жеткізілді.
Белсенділер Қазақстанда қатыгездік құрбандарының қалыпты өмірге оралуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік деңгейде стандарттар қабылдап, арнайы бірыңғай паналау орындарын ашуды ұсынады.
Қазақстанда тәуелсіз кәсіподақ белсенділері Жаңаөзендегі қанды оқиғадан кейін билік қабылдағалы отырған «Кәсіподақтар туралы» жаңа заң жобасы еңбек дауларын одан сайын қоздырады деп алаңдайды.
«Миллиард теңгеден аса бюджет ақшасын талан-таражға салған және жымқырған» деген айып тағылған бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтің сот процесі 23 маусым күні Астанада басталмақ.
Рудный тұрғыны Расим Байрамов БҰҰ комитетіне өзін полицейлер азаптағанын дәлелдеді. Енді Қазақстан үкіметі істі тексеріп, кінәлілерді жазалауы тиіс. Бұл - Қазақстандағы осындай үшінші жағдай.
Астаналық Руслан Темірболатов «полицейлер көлік ұрлағаныңды мойында деп ұрып-соқты» деп шағымданады. Азаптау туралы іс бір ай бұрын қозғалған. Ал көлік ұрлауға қатысты іс сотта қарала бастады.
Тұтқындардың туыстары Астана түбіндегі Аршалы кентіндегі айрықша режимдегі колонияда «4 адам ішін тіліп тастады» деп хабарлайды. Билік бұл ақпаратты жартылай растайды.
Астанада балабақшалар бала қабылдай бастады. Ата-аналар «орын аз, ал жылдың екінші жартысында туған балаларға мемлекеттік балабақшаға бару бақыты бұйырмайды» деп шағымданады.
Интернет пен телевизия - Қазақстандағы қала тұрғындарының негізгі ақпарат көздері. Сарапшылардың айтуынша, халық интернеттегі ақпаратқа көбірек сенеді.
Астанада бұрынғы саяжайлар орнында элиталық аудандар пайда болды. Жұрт «Депутаттар қалашығы» деп атайтын жерде «мемлекетке қажет» деген уәжбен бұзылмақ болған тағы біраз үй тұр.
Астана тұрғыны, аяғы ауыр кезінде көшеде ән айтып күн көрген Нина Назаренко үшінші баласын босанды. Оның қиын тұрмысы туралы хабар тарағаннан кейін көмектескісі келген жандар көп болды.
Тағы