Өнер жұлдызы өзін қоқан-лоқы жасаушылар "балаларыңды ұрлап әкеттік" деп қорқытқан соң сахнадан кетемін деп жариялауға мәжбүр болғанын айтады.
Қырғызстан көршілері сияқты мұнай мен газға бай емес. Бірақ елде әр азаматтың жақсы өмір сүруіне жеткілікті алтын қоры болғанымен, бағасы үнемі артып келе жатқан металдың пайдасын көреміз деген қырғыздардың үміті ақталмай отыр.
Қырғызстанда мектепке баратын оқушылар үшін биылғы жаңа оқу жылы көп өзгерістерге толы болайын деп тұр. Себебі «балаларымыз қырғыз тілінде білім алса, жолы болады» дейтін өзбек ата-аналар көбейіп келеді.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон елдің түрлі аймақтарына сапар шеккенде халықтың мұң-мұқтажын өз құлағымен естіп, емін-еркін араласып жүргендей әсер қалдырады. Бірақ, "бұл - өтірік" деп шағынады ел тұрғындары.
Гога Ашкенази - бизнес империясын Лондоннан қадағалап отыратын халықаралық олигархтармен, Голливуд жұлдыздарымен және еуропалық корольдер әулетімен аралас-құралас болып жүрген іскер әйел. Тараздық қыздың табысының құпиясы жайлы жорамал көп.
Нидерландыдағы мұсылман және еврей діни қауымдары ел парламентінің малды діни салт бойынша союға тыйым салатын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдағанын айыптайды.
«Қалыңдық ұрлау» немесе қыз алып қашу салты Қырғызстанда жиі ұшырасады. Алайда Қарақол қаласында болған қарсылық акциясы кісі өліміне себеп болған бұл әдеттің жағымсыз жақтарын ашып көрсетті.
Тәжікстандағы Исламдық қайта өрлеу партиясы тек діни уағыздар айтып, саяси мәлімдемелер жасаудан гөрі, жастар мен қарапайым адамдардың мұң-мұқтажына құлақ асуға және әлеуметтік жобаларға араласуға күш салып жатыр.
Егер араб елдеріндегі демократияны талап еткен шерулер Орталық Азияға тарайтын болса, халық толқуы бірінші Тәжікстанда болуы мүмкін деп болжайды жергілікті тәуелсіз сарапшылар мен журналистер.
Тунистегі ел президентін тақтан тайдырған қарсылық шарасының жаңғырығы өзге авторитарлық елдерге де жетіп жатыр. Азаттықтың әр тілдегі веб-сайттарындағы оқырман пікірлерінен-ақ бұл оқиғаның әсері қаншалықты екенін білуге болады.
Тәжік имамдары көп ұзамай жұма күнгі уағыздарын ресми билік бекітіп берген тақырыптар бойынша жүргізбекші. Алайда, сын айтушылар бұл – мемлекеттің кейбір тәуелсіз имамдарды бақылауда ұстау үшін жасаған соңғы амалы, бұлайша мешіттегі уағыздарға араласу сорақы іс деп бағалайды.
Тәжікстандағы жастардың басым көпшілігі жұмыссыздық қамытын киген. Осыны пайдаланған экстремистер жастарды өз жағына тартып алуы мүмкін деген қауіп бар.
Саяси тұрақсыздық белең алған Қырғызстанда халықтың басым бөлігінің тұрмысы қиын. Жүздеген мың қырғыз елінен кетіп, шетелде жұмыс істеп жүр. Өткен жылғы 10 ай олардың үйлеріне жіберген ақшасы шамамен миллиард долларға жуықтады.
Тәжікстанда дүние есігін жаңа ашқан сәбилерге араб есімдерін, немесе ислам дініне қандай да бір қатысы бар есімдерді қою сәнге айналды. Тіпті кейбір ересек адамдар да азан шақырып қойған аттарын өздері ұнатқан діни есімдермен ауыстыра бастады.
Билігін сынасаң темір тордың ар жағынан бір-ақ шығарудан тайынбайтын елдің бірі Түркіменстан. «Екі елі ауызға төрт елі қақпақ» қойылып отырған осынау Орталық Азиядағы елде интернет іштегі ойды сыртқа шығаратын жалғыз құралға айналып келеді.
Тәжікстан билігі Рашт алқабында бұрынғы моджахедтердің кейбірі шетелдік бүлікшілермен күш біріктіріп отыр деп санайды. Бұл өңір Орталық Азия елдерін тұрақсыздандыратын жаңа бүлік ошағына айналуы мүмкін бе?
Қыркүйектің 19-ы тәжік әскерінің 23 сарбазы содырлар тобымен болған атыс кезінде оққа ұшты. Тәжікстан билігі жексенбі күні елдің шығысындағы Рашт аңғарында қорғаныс министрлігінің әскери көлік керуеніне жасалған шабуылдың артында исламистер тұр деп мәлімдеді.
Маусым айындағы этникааралық қақтығысты ұйымдастыруға қатысы бар деген айып тағылған күдіктілердің соты бастала сала негізінен Қырғызстандағы өзбек диаспорасының өкілдері қатаң жазаға тартылуы мүмкін деген қауіп пайда болды.
Тағы