Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
Төрт жыл бұрын Қарағанды облысындағы Қорғанбай ауылында су болмаған еді. Тұрғындар «билікке ұжымдасып жазған хаттарымыздың көмегі тиді» дейді.
«Благодать» шіркеуінің пасторы Бақытжан Қашқымбаевқа үкім шыққан соң, судья оның қорғаушысын да жауапкершілікке тартуды талап етті. Адвокаттар алқасы мен шетелдік заңгерлер адвокатты жақтайды.
Интернет белсенділер Астанадағы аштық жариялап жатқан әйелдерді өмірлеріне қатер төндіретін бұл шараны тоқтатуға шақырды. Оларға жер үшін басқаша күресу керегін айтқанмен жолын көрсетпеген.
40 градус ыстықта Астана әкімдігі алдындағы алаңда мектеп жәрмеңкесі өтті. Бірақ «арзан бағамен сатылады» делінген заттардың бағасы дүкендегіден қымбат болды.
Қазақстан Жоғарғы соты оппозициялық «Правдивая газетаны» жабу туралы сот шешімін күшінде қалдырды. Ашық сотқа барған журналистер мен Еуропа одағы өкілін бір сағаттан аса уақыт сотқа кіргізбеді.
Астанада жерлерін алуға қарсы акция өткізіп жатқан әйелдерге Алматы мен Қарағанды белсенділері он шақты қолдау телеграммасын жіберген. Бірақ олар әйелдерге жетпеген.
Бұрынғы саяжай аумағындағы үйлерін бұзып, жерлерін алуға қарсы тұрғындардың – бірінің аяғы ауыр бес әйелдің наразылық акциясы әлі тоқтаған жоқ.
Астанада жерлерін «мемлекет қажетіне» алуға қарсы бес әйел аштық жариялап жатқан үй бұзылды. Полицейлер арасында бір бала бар он шақты адамды ұстап әкетті.
Астанада аштық акциясы өтіп жатқан үйді сүруге келген билік өкілдері қарсылық білдірген наразыларды үй шатырынан күшпен түсіріп, ұстап әкетті.
Астана әкімдігі жерлерін «мемлекет қажетіне» алуға қарсы аштық жариялап жатқан әйелдердің талабы жүзеге аспасын хабарлады.
Астанадағы 35 жыл тарихы бар қазіргі заман өнері мұражайы жабылмақ. Ондағы экспонат-картиналар Назарбаев орталықтың бұрынғы ғимаратында жаңадан ашылатын ұлттық галереяға берілді.
Жедел жәрдем қызметі дәрігерлері Астанада аштық жариялаған бес әйелдің үшеуіне акцияны тоқтатуға кеңес берді. Биліктен жерін даулаған азаматтар үш күннен бәрі тамақ ішпеген.
Қарағанды экологтары сол өңірдегі химиялық қалдықтармен ластанған жерлерді зерттеудің алдын ала нәтижелерімен таныстырды. Сарапшылар «тұрғындар улы заттардың қаупінен хабарсыз» дейді.
Дәрігерлер комиссиясы «Мухортова Балқаш психоневрология диспансерінде әлі жатуы тиіс» деген шешім қабылдады. Оны мәжбүрлеп ұстау себебін сіңлісіне «солай болуы тиіс» деп түсіндірген.
Астана шетіндегі бұрынғы саяжай тұрғындарының бір тобы аштық жариялады. Олар жерлерін «мемлекет қажетіне» алуға қарсы.
Астана соты адвокат Анатолий Утбановтың ұлттық банке қарсы талап-арызын қанағаттандырмады. Ол банктен биылғы теңге девальвациясының себептерін түсіндіруді талап еткен.
Психиатриялық диспансерге күшпен жатқызылған балқаштық адвокат Зинаида Мухортоваға күмәнді укол салу тоқтатылғанын оның сіңлісі Наталья Абент Азаттық тілшісіне хабарлады.
Астанадағы үкімет үйі босағасында бес әйелдің күндіз-түні отырғанына алты тәулік болды. Полиция ұстап әкетіп, кейін босатқан соң олар наразылық акциясын өткізген орындарына қайта келді.
Мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен бір айдай қамауда отырған тәжікстандық жас зерттеуші Александр Содиков ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандыққа шықты. Тергеу жалғасады.
Сотқа шыбын ұрғыш апарған оқиға кейіпкері, қарағандылық заңгер Евгений Танков жалпы режимдегі колонияға үш жылға сотталды. Оның «сатиралық перформансы» судьяға шабуылдау деп бағаланды.
Тағы